$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматы тұрғыны лифтте балаларды тепкіледі

AstanaTV
24.07.2024ж. 20:00
132
Алматы тұрғыны лифтте балаларды тепкіледі

Алматыдағы тұрғын үй кешендері бірінің лифтінде ер адам балаларды тепкнің астына алды. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алдымен ол айналада адам бар-жоғын тексеріп алады. Ешкім жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін балаларға түрлі сөз айтып, ұра бастайды. Зардап шеккендердің жақындары шағымданған соң, Алматы қалалық полиция департаменті күдіктіні дереу қолға түсірген.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оның әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Басқа да мән-жайлары анықталуда.