Алматы қаласы Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде денесінде пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылды. Полиция басқармасының айтуынша екі туыстың арасында кикілжің пайда болған. Соңында әйел ер адамды пышақтаған. Қазір кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.