$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Жазғы Олимпиада-2024: Рыбакина мен Бублик бірінші рет бірге өнер көрсетеді

AstanaTV
25.07.2024ж. 03:13
205
Жазғы Олимпиада-2024: Рыбакина мен Бублик бірінші рет бірге өнер көрсетеді

Жазғы Олимпиада ойындары-2024 бағдарламасында теннисшілер турнирінің ресми жеребесін тартуға бір күн қалғанда Париж корттарына Қазақстан атынан шығатын спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық Олимпиада комитетінің мәліметінше, елең еткізер жаңалықты Қазақстан құрамасы аралас сында ұсынып отыр. Ел намысын республикамыздың үздік теннисшілері – Елена Рыбакина мен Александр Бублик қорғайтын болды.

Араласты есепке алмағанда, Рыбакина өз шеберлігін жекелей сында көрсетеді. Ал Бублик жұптық сында да, жекелей сында да бақ сынайтын болады. Елена мен Александрдан бөлек Париж корттарынан Юлия Путинцеваны (жекелей сында), Александр Шевченконы (жекелей сын) және Александр Недовесовты (жұптық сында) көре аламыз.

Олимпиадалық теннис турнирінің жеребесі 25 шілдеде тартылады және бұл ресми шара Қазақстан уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады. Жарыс "Ролан Гаррос" алаңдарында 27 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді.