$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап, қайтыс болды

AstanaTV
25.07.2024ж. 08:54
90
Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап, қайтыс болды

Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап, қайтыс болды. Оқиға «БИИК» тұрғын үй кешенінде орын алған, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Маңайдағы куәгерлер марқұмның бұл тұрғын үйде тұрмайтынын, пәтерді бірер күн бұрын жалға алғанын айтты.

Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Марқұмның өзіне қол салғаны немесе 16—қабаттан абайсызда құлағанын полция анықтайды. Ал оқиғаға қатысты қылмыстық іс «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша тіркелген.

«Аталған жайт бойыншаТұран ауданының полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 105 бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тіркелді. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.