Kazinform агенттігі мен Jibek Joly телеарнасының журналистері Париж Олимпиадасынан тікелей хабар тарата бастады.
Дәл қазір Kazinform тілшісі Күнсұлтан Отарбай мен Jibek Joly телеарнасының репортері Күнсая Құрмет-Рахимова Парижде жүр.
Күнсаяның айтуынша, әлемнің түкпір-түкпірінен 26 мыңнан астам журналист Олимпиада ойынынан хабар тарату үшін аккредитациядан өткен.
«Париждегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған медиа-орталық өте кең, үлкен бір футбол стадионы сияқты. Біз осында өз орнымызды алып, жұмысты бастап кеттік», — дейді Jibek Joly тілшісі.