$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылында бес қабатты үй салынып жатыр

AstanaTV
25.07.2024ж. 09:18
310
Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылында бес қабатты үй салынып жатыр

Министр Қанат Шарлапаев Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

 Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыстың бас мердігері – «Павлодар зауыты ТЕМІРМАШ» ЖШС. Жобаның негізгі дайындығы 60% құрайды.

 Пәтер ауданы:

1 бөлме – 44 ш.м. - 17 пәтер, жалпы ауданы 748 ш.м.

2 бөлме - 56 ш.м. - 19 пәтер, жалпы ауданы 1064 ш.м.

3 бөлме – 66,3 ш.м. - 14 пәтер, жалпы ауданы 929 ш.м.

 Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті. Кезекте тұрғандардың барлығын пәтермен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі екінші кезектегі тұрғын үй сатып алу тәжірибесін қолдануда. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 94 адам баспана кезегінде тұр, оның ішінде 14 көпбалалы.

Министр Копай шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен де танысты.

Жалпы игерілетін жер көлемі 44,6 гектарды құрайды. Мұнда 29 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл жалпы ауданы 289,9 мың шаршы метр болатын 18 кешен. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 73,1 мың м2 болатын 9 тұрғын үй салынуда. Көпқабатты үйлердің құрылысын аяқтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті.