Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясы дүниеге үшем әкелген қос ананы құттықтады

AstanaTV
01.03.2017ж. 20:00
2364
«Нұр Отан» партиясы дүниеге үшем әкелген қос ананы құттықтады

Дүниеге үшем әкелген қос анаға құрмет көрсетілді. «Нұр Отан» партиясының Павлодар филиалындағы белсенділер батыр аналарға лайықты сый-сияпат жасады. Бұл шара Алғыс күніне орай ұйымдастырылды.

Татьяна Коняшкина ақпанның 24-нде екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің жағдайы жақсы. Жас ананың ендігі арманы бөпелерімен тезірек үйіне оралу. Оны төрт баласы күтіп отыр. Небары 36 жасында көп балалы ана атанған әйелді «Нұр Отан» партиясының өкілдері құттықтап, тарту таралғы жасады. Перинаталды орталықта тағы бір әйел өмірге үшем әкеліп, ана бақытына бөленді.

Бақытжан Тезекбаева, «Нұр Отан» партиясы Павлодар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Алғыс күні адамдарды қуантқымыз келеді. Сондықтан жас аналарға құрмет көрсетіп жатырмыз.