Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшының үстіне кірпіш құлап, қаза тапты. Нысанда қауіпсіздік ережелері сақталмаған болып шықты. Қазір қайғылы жағдай бойынша полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ?
Астана қаласының құрылыс нысанында жұмысшының қаза болу фактісі бойынша полиция абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.