Павлодарда «Майқайың алтын» шахтасына құлаған автобус табылды. Көлікті топырақтан аршып алу кезінде жүргізуші Айып Тілеубергеновтің те мүрдесі шықты. Құтқарушылар мәйітті жоғары көтеріп, жедел тергеу тобына тапсырды. Естеріңізге салайық, оқыс оқиға осы жылдың 4 қаңтарына қараған түнде болған. Ішінде 4 адамы бар көлік «Майқайың алтын» шахтасының маңында опырылған жерге құлап, кеткен болатын. 2 адамның мүрдесі сол күні табылды. Қалған 2 адам денесін топырақтан шығарып алу мүмкін болмады. Тек 7 ай соң ғана құтқарушы Айдос Шаймерден мен көлік жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің мүрдесі топырақ үйіндісінен шығарылды.