Алматы қаласында белгісіз екі ер адам қала тұрғынының сөмкесін ұрлап кеткен. Жәбірленуші Маржан Қанатқызы 1 жарым айдан бері қылмыстың ашылмауына қынжылады. Оқиға 12 маусым күні Бостандық ауданы, Егізбаева 52 мекенжайында орын алған. Қылмескерлердің бұл әрекеті камераға түсіп қалған.
ҚАНАТ ЖАНАТҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Біз білеміз істі жауып тастағанын сонан соң қайтадан барып заявление жазған кезде е- өтінішпен сол кезде ғана қозғалады ғой. Е-өтініш арқылы қайтадан жазып, сол кезде қайтадан тіркеп. сол жердегі полиция қызметкерлері ешқандай шара қолданған жоқ. Қазір бір жарым ай болды ақпарат жоқ ешқандай.
Жәбірленушілер ұрланған заттардың жалпы суммасы 1.500.000 теңгені құрайды деп отыр.
МАРЖАН ҚАНАТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Менің алтындарым болады. Мен сьемкаға арнайы дайындалып алтындарымды салып алғанмын. Кошелегім болады 10 мың теңгелік купюралардан 6 штук 60 мың теңге және ноутбук жаңа ноутбук.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәлімдемесі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде қылмыстық кодекстің 188 – бабы бойынша іс қаралып жатыр. Мамандар қала тұрғындарына оқыс оқиғаларға ұрынбау үшін көпшілік орындарда жеке заттарына мұқият болуға шақырады.