$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауылында қаңғыбас иттер 18 қойды талап тастаған

25.07.2024ж. 20:00
241
Солтүстік Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауылында қаңғыбас иттер 18 қойды талап тастаған

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауылында қаңғыбас иттер ауыл тұрғындарының мазасын қашырған. Елді-мекеннің маңайында топталып жүрген иттер жыртқыш аңдар іспеттес түнде малға шабуылдай бастады. Төртаяқталыр екі айдың ішінде 18 бас қой мен ондаған құсты талап тастаған. Ауыл жұрты енді балақалайлардың қауіпсіздігіне алаңдап отыр.

Әбдіжаппар АҒАБАЕВ, БӘЙТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қораның ішінде бір қой мен екі қозы қалып еді. Бірінші күні келіп, соны жеп кетті. Ал енді қой кетті деп, қораның төңірегін жаудық. Арада үш күн өтті. Иттер қораның ішіне кіріп, бес қойды жарып кетті.

Үрейі қашқан ауыл иттерді атуды талап етеді. Алайда, бұған заңмен тыйым салынған. Жануарлар тек арнайы паналау орталықтарында ғана күтілуі тиіс. Алайда, олар толып тұрған көрінеді. Заңның шикі тұсын ауыл әкімі де мойындап отыр.

 Ринат ШҰҒАЙЫПОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Заң бойынша атуға болмайды, тек стерелизацияға ғана. Ұстап алып, укол беріп, приютқа апару керек. Приют толып тұр. Жаңадан приют салынған жоқ. Енді ол Алла жазса, салынар. Сол кезде бір шешімі табылады деген ойдамын.