$480.55 €533.75 ₽5.36
×

«Қошқар ата», «Бадам» өзендерінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылды

25.07.2024ж. 20:00
219
«Қошқар ата», «Бадам» өзендерінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылды

Шымкентте жалпыхалықтық «Таза Қазақстан» науқанына мыңнан аса адам қатысты. Экологиялық акция апталығында 6 жерде тазалық жұмыстары жүргізілді. «Қошқар ата», «Бадам» өзендерінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылды. Жасыл желекке күтім жасалып, қураған ағаштар қырқылды. Шағын футбол стадиондарының жасанды көгалы ауыстырылып, резеңке төсеніштер қалпына келтірілді.

Марат ТӘЖІБАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Тұрғындардың өтініші істеп жатқанымызды көреді да, неге бізге істемейсіздер дейді. Барлығы кестеге сәйкес істелетінін түсіндіру керек. Одан бөлек біз ішкі орамдық көшелердің барлығында асфальт қабатын жамау, төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр».