$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Елімізде "Жастарға жұмыс" жобасы өтіп жатыр

Елімізде "Жастарға жұмыс" жобасы өтіп жатыр

Астанада «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. 100-ге жуық мекеме екі мыңға жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қатысты. Сондай-ақ жәрмеңкеге 3 мыңға жуық адам келді.

Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл алаңның ерекшелігі жастар оңай өз жұмыстарын таба алады. Себебі бұл жерде тек жұмыс берушілер ғана емес, Еңбек министрлігіні, сонымен қатар басқа компаниялардың адамдары қалай тұжырымдаманы толтыру керек. Қалай жұмысқа дайындалу керек деген сияқты осы жерде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Мысалы осындай жұмыстың арқасында өткен жылы 25 мың жас жұмысқа өздерінің жолдамаларын алды және де олармен тұрақты түрде жұмыс жүргіземіз.

Рамазан МҰРАТБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен Астана қаласында биыл 2024 жылы техникалық колледжді бітірдім. Сол мамандығым бойынша жұмысқа «Астана-лифт» компаниясына жұмысқа кірдім. Менің мамандығым лифт және эксколатор механигі. «Жастарға жұмыс» жәрмеңкесін қалада емес, аулыдқы, аудандық жерде өткізу керек. Сонда жастар көп келеді. Бізде жастардың көбісі ауылда ғой.

Алматыда өткен жәрмеңкеде келушілерге 240-тан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс іздеушілер жетекші компаниялардың өкілдерімен тікелей байланыс орнатып, оларға қойылатын талаптар туралы көбірек мағлұмат алды.

Әкежан КЕҢЕС,  «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда қаламызда жалпы 700 мыңнан аса жас болса, соның 7,2 проценті NEET категориясындағы жастар. Өздеріңіз білетіндей қазір шілде айы. Көптеген ЖОО студенттері өздерінің дипломын алып, маман иесі болып жатыр. Және де олар жұмыс іздеп жатыр. Осы уақытты пайдаланып біз қазіргі таңда студенттердің де бос уақытын тиімді пайдалану үшін әрі оқу бітіріп жатқан студенттерге жұмыс орындарын ұсыну үшін шілде айында өткізіп жатырмыз.

Жас мамандар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және олардың тұрақты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған жобаның барлық тұсы тиімді. Сондықтан жұмыс жәрмеңкесіне жастар ағылып жатыр. Дені өздеріне ұнаған мекемелермен байланыс орнатып үлгерген.

Айгерім СЕЙТҚАЛИ,  ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚҰУ-НІҢ СТУДЕНТІ:

Студенттердің чаттарынан осы жәрмеңке жайлы естідім. Соның аясында өзіме жұмыс іздеу бағытында жазғы уақыт мерзімінде осы жәрмеңкеге келдім. Маған қатты ұнап жатыр. Себебі, опыт работы сұрамайды. Сол себепті осындай жәрмеңкелер жиі өткізілуін студент ретінде талап етеміз. Маған ұнаған 3 компания болды. Ендігі уақытта солармен әрі қарай сөйлесіп, өзімнің бір жұмыс орнымды таңдаймын деген ойдамын.

Ал Қостанайда «Жастарға жұмыс» жобасы осымен үшінші рет ұйымдастырылды. Игі шараның арқасында қазір 20-дан аса жас маман жұмыс тапқан.

Аружан СӘРСЕНБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Жастарға жұмыс» деген партиялық жоба аясында жастарға арналған бос жұмыстар жәрмеңкесін ұйымдастырып отыр. Үшінші рет жәрмеңкені өткізіп жатырмыз. Өткен жәрмеңкеде 20 шақты адам жұмысқа орналасты. Жәрмеңкенің ең басты ерекшелігі қазір және осында деген форматта жұмысқа тұру мүмкіндігі бар.

Бұл жолы партия бастамасына қаладағы қырыққа жуық компания қолдау білдірді. Кәсіпорын өкілдері жәрмеңкеге келген жастарға бос орындар жайлы ақпарат беріп, жұмсықа орналасу жолдарын түсіндірді.