$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Садақ ату: біздің спортшылардың қарсыласы белгілі болды

AstanaTV
25.07.2024ж. 20:53
199
Садақ ату: біздің спортшылардың қарсыласы белгілі болды

Париж Олимпиадасында садақ атудан іріктеуден кейін плей-офф кезеңінде бір-бірімен сынға түсетін спортшылар анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Команда көшбасшысы Ильфат Абдуллин рейтингтік кезеңде 29-орынға тұрақтап, 36-сатыға табан тіреген канадалық Эрик Питерске қарсылас атанды.

Ал Дәулеткелді Жаңбырбай (22-орын) колумбиялық Хорхе Энрикеспен (43), Александр Еременко (59) француз Батис Аддиспен сайысқа түседі.

Айта кетейік, 1/32 айналым 30 шілдеде өтеді. Ал командалық сайыста Қазақстан 1/8 финалда Италиямен 29 шілдеде кім мықтыны анықтайды. Осы жұптың жеңгені жарыс қожайыны Францияға түседі.