$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ақтөбеде дайын үй сатып алу жұмысы аяқталды

AstanaTV
25.07.2024ж. 23:09
203
Ақтөбеде дайын үй сатып алу жұмысы аяқталды

Ақтөбе облысының барлық ауданында дайын үй сатып алу жұмысы аяқталды. Бұл жұмыс тек облыс орталығы Ақтөбе қаласында ғана жалғасып жатыр.

Биыл көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе облысында 4087 үй мен саяжайдағы баспанаға су кірді. Салдарынан 1014 үй апатты деп танылды.  Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

— Техникалық байқау қорытындысы бойынша 3073 үй тұруға жарамды деп танылды. Комиссия шешімімен жөндеу жұмыстарын жүргізетін 3005 үй иесіне 9 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қалған 1014 үй апатты деп танылды. Оның 200-і Ақтөбе қаласында, 307-і Ойыл ауданында, 160-ы Ырғыз ауданында, 155-і Қобда ауданында, 69-ы Мұғалжар ауданында, 57-і Темір ауданында, 51-і Әйбеке биде, 8-і Байғанинде, 5-і Мәртөкте және екеуі Алғада. Баспанасыз қалған 504 отбасы өз шешімімен дайын үй сатып алады. Қазір барлық ауданда үй сатып алу жұмысы аяқталды. Тек Ақтөбе қаласында апатты деп танылған 200 үйдің 138-і ғана сатып алынды. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.