Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға қатысудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олимпиада ойындарында Рыбакина жеке және жұптық сайыстарда өнер көрсетуі керек еді.
Олимпиададағы теннис жарыстары 27 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді. Жекелей сында Рыбакинаның орнына австралиялық Дарья Савилл шығады.