$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Университетте оқығысы келетіндерге пайызсыз несие беріледі

AstanaTV
26.07.2024ж. 03:13
235
Университетте оқығысы келетіндерге пайызсыз несие беріледі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда жоғары білім алу үшін пайызсыз несие берілетінін мәлімдеді. Ол жыл соңында іске қосылады. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, министр мұндай тәжірибе АҚШ-та қолданылатынын айтты. Енді қазақстандық талапкерлерге де қолжетімді болады.

Министрлік бірнеше екінші деңгейлі банктермен және қаржы орталығымен бұл мәселе шешіліп жатқанын хабарлады. Заң жобасын дайындау соңғы кезеңде тұр. Бұл құралды Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздегі жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін енгізгелі отыр.

Саясат Нұрбек қазақстандықтар пайызсыз несиеден бөлек, жинақ ақшасын пайдалана отырып, "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасын пайдалана алатынын айтты.

Сондай-ақ осы жылдан бастап министрлік "Келешек" жүйесін іске қосады. Аталған бағдарлама аясында талапкерлердің ата-аналары мемлекеттік және банктік сыйлықақылар есебінен бастапқы капитал есебінен білім алуға қаражатты өз бетінше тарта алады.

“Ал төртінші құрал – сараланған гранттар. Биыл гранттарды бөлу аясында пилоттық жоба іске қосылды. Егер бала жақсы балл алса, бірақ таңдаған мамандығына бәсекелестік жоғары болса - бізде 100 балл да, 115 балл да грантқа түспейді. Өйткені бәсекелестік өте жоғары және бала грантқа түсе алмай қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда гранттардың 75, 50 пайызын қосымша беруге дайынбыз", – деді министр.