Алматыда 26 шілде күні сағат 10:00-де сирена дыбыстары естілетін болады.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей менаполисте жер сілкінісі болған жағдайда халықты хабардар ету бойынша командалық штаб жаттығулары өтеді.
«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.Оны естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты алыс қашықтыққа нұсқаулар алу үшін оқу керек»,- деп атап өтті ведомстводан. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.