$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ерлан Қошанов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

AstanaTV
26.07.2024ж. 17:31
304
Ерлан Қошанов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар тобы Қарағанды облысына келді. Ол әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың жұмысымен танысып, өңір тұрғындарымен кездесті. Нысандарды аралау жұмысына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та қатысты.

МәжілісТөрағасы«Qarmet» АҚ Көмір департаментіндегі жаңа диспетчерлік-сараптамалық орталықтың жұмысымен танысты. Онда қандай міндеттер атқарылатынын компанияның құрылтайшысы Андрей Лаврентьев пен бас директор Вадим Басин көрсетті. Бұл нысан өндірістік қауіпсіздікті бақылауға жауап береді, оның ішінде оттегі деңгейі мен метан концентрациясын өлшеу жұмыстары да бар. Мамандар шахталардың жағдайын тәулік бойы бақылайды және кезкелген қызметкермен байланысқа шыға алады.

«Qarmet»-тің қазақстандық компанияның меншігіне қайтарылғаны Қарағанды үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға болғаны белгілі. Бұл Мемлекет басшысының маңызды саяси шешімі болды. Жаңа инвестор өндірісті кешенді түрде жаңғыртуға міндетті. Бес жыл ішінде комбинат металлургия көшбасшысы статусын қайтаруы керек. Бұл ретте еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту қажет. Ең бастысы – біздің жұмысшыларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау. Апаттар мен жазатайым оқиғалар болмауы керек», – деді Ерлан Қошанов.

«AMANAT» Төрағасы кәсіподақ мүшелерімен кездесу барысында жұмысшылар мен шахтерлерге мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды күшейту мәселелерін талқылады. Парламент депутаттарының, «AMANAT» партиясының және Үкіметтің бірлескен күш-жігерімен Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ғылыми институты қайта құрылып, жұмысшыға жазатайым оқиғалар кезінде кінәлі болуына қарамастан толық сақтандыру төлемін қамтамасыз ететін жаңа заңдар қабылданды.

Сондай-ақ кездесуде еңбек жағдайлары зиянды өндіріс жұмысшыларына 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем алу мүмкіндігін беретін жаңа заңға ерекшен азараударылды. Көміршілер кәсіподақ ұйымының Төрағасы Евгений Буслаев жаңа мүмкіндікті «Qarmet» АҚ-ның 800-ден астам қызметкері пайдаланғанын атап өтті. Бүгінде бүкіл ел бойыншатөлемдерді 8 мыңнан астам адам алуда. Ол бұл заңның еңбек адамдарын қолдаудағы мемлекеттің нақты қадамы екенін айтып, оның жедел қабылданғаны үшін Президентке және «AMANAT» партиясына алғысын білдірді.