$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Жуалыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 150 көше тазартылды

26.07.2024ж. 20:00
500
Жуалыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 150 көше тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Жамбыл облысы Жуалы ауданында жалғасты. 50- ден астам адам бұл жолы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының маңын қоқыстан тазартты. Акция басталғалы Жуалыда 150-ге жуық көше тазартылды. Ал, саябақтар мен скверлер, арық-атыздардан жалпы 60 тоннаға жуық күл қоқыстар шығарылған. Науқанға 6000-ға жуық адам атсалысыпты. Белсенділер қоқыстан бөлек шөп шабу, жол бойындағы қоршаулар мен электр және көше жарығы бағаналарын сырлаған. «Жасыл аймақ» апталығында жалпы аудан бойынша 4000 жуық жеміс, декоративті, қылқанжапырақты ағаш көшеттері егілген.

Жеңісбек СЕЙІТБЕКОВ, ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Экологиямызға зиян қалдықтарды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жерде атсалысып жатқан әр округ депутаттары және біздің өзіміздің ерікті жастарымыз. Әр апта сайын осындай тазалық жұмыстарын «Тараз Қазақстан» бойынша жүргізіп отырамыз. Теріс асшыбұлақ аймағына демалуға келген аудан тұрғындарына тазалау жұмыстарын таза ұстауға шақырамыз!