$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Заңсыз ағаш кесумен айналысатындар – мемлекеттің жауы", - О. Бектенов

26.07.2024ж. 20:00
287
"Заңсыз ағаш кесумен айналысатындар – мемлекеттің жауы", - О. Бектенов

Абай облысына Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен барды. Онда "Семей орманы" табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп, Мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді. Былтыр өрттен зардап шеккен 66 мың гектарға жуық орман қорын қайта толтыру есебінде биыл 70 мыңнан астам көшет отырғызылды. Үкімет басшысы "Семей орманы" аумағында құқықтық тәртіптің сақталуын қатаң бақылау қажеттігін ескертті. 

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Орман – біздің ұлттық байлығымыз. Заңсыз ағаш кесумен айналысатындар – мемлекеттің жауы. Мұнда бүкіл мемлекет күш салып, түбегейлі соққы беруі керек. Бұл сіздердің және құқық қорғау органдарының міндетті. Сондай-ақ орман алқаптарын сақтау мәселесі және өртке қарсы шараларды қабылдау біздің ерекше назарымызда болады. Мұндай апаттардың қайталануына жол беруге болмайды.

Сонымен қатар Үкімет басшысы материалдық-техникалық базаны жаңарту, орман шаруашылығы қызметкерлерін қолдау шаралары мәселелерінде талқылады. Сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдікке өртке қарсы қызметтердің күштері мен құралдарының тұрақты әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды. Айта кетейік, Абай облысында табиғи өрттердің алдын алу және дер кезінде әрекет ету мақсатында бүгінде 132 адамнан тұратын 32 мобилді топ құрылды.