СӘУЛЕ НЫСАНБЕК, ТІЛШІ:
Әлеуметтік желіде ақпараттық өнім ұсынатын эксперттер өз өнімдерін қаншаға сататынын өздері шешіп жүр. Өйткені елімізде ақпараттық өнім бойынша баға стандарты жоқ. Сондықтан да курсыңды қымбатқа сат, чегіңді млн-ға көтер деп кеңес беретіндер көбейген.
Бір ғана инстаграм желісін 11 млн Қазақстандық қолданады. Ондағы курстар бағамы 1000 тг басталып 5 млн теңгеге дейін барады. Әлеуметтік желідегі алдамшы маркетингті құзырлы органдар құрықтаймыз дегенше тұтынушылар түрлі жарнамаларға ілігіп, алған курсына көңілі толмайтындар күн санап көбеюде
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Әлеуметтік желі арқылы мен наставничества алып көрдім 1 миллионға, одан бөлек жақында бір алаяқтыққа ұрындым. Оның суммасы үлкен емес. Шашамен 11 мыңның шамасында. Берем деген нәрселерін бермей проста жоқ болып кетті.
- Алданған демей ақ қояйын бірақ аласың дұрыстап үйретпейді деген сияқты ғой.
- Бар ғой неше түрлі 16мың, 60 мың, 2 млн ға да алданған кезім бар, әлі күнге дейін одан хабар жоқ.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне 24441 өтініш түсіп, оның 23,7 пайызын электронды сауда өкілдері құраған. Интернет алаяқтық құрбандарының басым бөлігін 25-45 жас аралағы қамтиды.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жылдың басынан бері Алматы қаласында 2132 интернет алаяқтық дерегі тіркелді. Олардың тағдырлары әр түрлі, жасау механизмі де әртүрлі, психологиялық портреті де әртүрлі.
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң Мәжілістің қарауында. Өзгеріс енгізілсе онлайн сауда жасаушыларға қойылатын талап офлайнмен теңестірілмек.
МЕРУЕРТ УЛЬКЕЕВА, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Мысалға оларға да офлайн саудагерлер сияқты онлайн саудагерлерге шарт жасасу кезіндек, тұтынушыларға қайтару, айырбастау баптары бойынша бірнеше өқзгерістер енгізу жоспарлануда. Офлайн саудагерлерді әкімшілік құқықтық деректерге тарту оңай себебі олардың отырған жері бәрі білінеді, ал онлайн саудагерлер бүгін бар ертең жоқ болып кете береді де.
Мамандар тұтынушыларға еш дәйексіз өз деректерін бөгде адамдарға бермеуге, келісімшартсыз ақша аудармауға, онлайн сауда жасау барысында өнімді де, ақпарат таратушы адамды да әбден тексеріп содан кейін ғана сенуге кеңес береді.