$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсырмағандарға айыппұл салынады

26.07.2024ж. 20:00
583
Декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсырмағандарға айыппұл салынады

Биыл 2 млн 400 мың адам активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыруға міндетті. Оның 236 мыңы Астана қаласының тұрғындары. Қазір елордалық кәсіпкерлердің 30 пайызы, яғни, 70 мыңнан астамы кірістер комитетіне табысы жайлы ақпарат берген. Айта кетейік, декларация тапсыру мерзімі 15 қыркүйекте аяқталады. Жауаптылар салық міндеттемесінің уақытылы орындалмауын болдырмау үшін қазірден қамданған жөн дейді.

Токтар ҚОЙЖАНОВ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКТТІК КІРІСТЕР БАСКАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

15 қыркүйекте тапсырмаған жағдайда 15 АЕК айыппұл салынады. Айыппұлдың біріншісі ескерту болады. Екіншісі административный штраф. Мүліктерін жасырып қалған кісілерге де 15 қыркүйектен кейін тексеру бастайды салық басқармалары. Оларға да айыппұл салынады.