$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатындарға 21 қонақ үй қызмет көрсетеді

26.07.2024ж. 20:00
294
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатындарға 21 қонақ үй қызмет көрсетеді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатындарға 21 қонақ үй қызмет көрсетеді. Сондай-ақ оларды тасымалдауға 100 автобус бекітілген. Шетелден келген 2000 мыңнан аса қонақтар үшін ағылшын-түрік тілін білетін 1000 нан аса ерікті қызмет көрсететін болады. Айта кетейік жарыс 8-13 ші қыркүйек аралығында өтеді.

Серік ЖАРАСБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Біздің басты жоспарымыз, осы қалған уақытта көшпенділер ойындарының арасында спортшылар қалай тұрады. Қалай оларды қабылдаймыз? Қандай қонақ үйлерде тұрады. Олардың қандай тасымал жүктері болады соны үлгі ретінде көрсетейін деп жатырмыз.

Жарыстың басталуына бір айдан астам уақыт қалды. Мамандар сайысқа қатысушылар үшін барлық жағдай жасалуда дейді.

Найль НУРОВ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 45 күн қалды. Әрине ойын тартысты әрі қызықты өтеді деп ойлаймын. Біз қонақтардың барлық жағдайын жасауға тырысамыз.