$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы учаске жабылады

AstanaTV
27.07.2024ж. 07:31
146
Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы учаске жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қозғалыс 26-29 шілде аралығында толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы оң жағымен бір бағытта ғана жүзеге асырылатын болады ("Марал" көпірінен Мәңгілік Ел даңғылына қарай).

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы аса маңызды.