$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Павлодарда вейк-парк салынады

AstanaTV
27.07.2024ж. 13:40
170
Павлодарда вейк-парк салынады

Жоба Усолка шағын ауданындағы «Ертіс» шаңғы базасының аумағында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Асхат Бейсенов биыл шаһарда белсенді және экстремалды демалуға арналған вейк-парк ашу жоспарлануда екенін мәлім етті.

– Паркта серфинг пен сноуборд экстремалды су спорты орналастырылады. Жоба Усолка шағын ауданындағы «Ертіс» шаңғы базасының аумағында жүзеге асырылмақ. Инвестициялардың жалпы сомасы – 10 миллион теңге, – деді Асхат Бейсенов.

Оның сөзінше, «Ертіс» шаңғы базасы вейк-парк үшін қолайлы орын. Инвесторлар Алматы, Новосібір, Санкт-Петербург және Мәскеудегі осындай кешендерде болып, бұл жер спорттың осы түріне тамаша сәйкес келетінін айтқан.

–Бүгінгі таңда қажетті электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Жобаны сәтті жүзеге асырған кезде туристер тарапынан үлкен қызығушылық болады деп ойлаймын. Себебі, бұл спорт түрінін көптеген жанкүйерлері бар, – дейді спикер.

Су тақтасында тұру үшін бір сессия 10 минутқа созылады.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта елімізде вейк-парк тек Алматы қаласында ғана бар.