$478.93 €534.96 ₽5.16
×

ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ФИНАЛЫНДА

AstanaTV
27.07.2024ж. 20:31
317
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ФИНАЛЫНДА

Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында әлем чемпионы, Еуропа чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Франсиско Гарригосты (Испания) қосымша уақытта (golden score) ұтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Екі татами шебері осыған дейін 4 мәрте күш сынасқан (2-2). Елдос бұл текетіресте алға шықты.

Финалда Елдос пен Лука Мхеидзе (Франция) күреседі. 

Бүгін іріктеуде Сметов Торнике Чкадуаны (Нидерланд), Дильшот Халматовты (Украина), ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Ю Вейді (Тайпей) жыққан.

Айта кетейік, Елдос Сметов - Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы (2015), жазғы Азия ойындарының жеңімпазы (2014).