$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Президент Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады

AstanaTV
27.07.2024ж. 22:12
210
Президент  Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады. 

“Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі!” – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.