Астанада көлікті мас күйде айдаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
102 арнасына елорданың қосалқы бөлшектерді сататын автокешендерінің бірінің күзетшісі хабарласып, белгісіз ер адам мас күйінде кешеннің тұрағынан көлікпен шыққаны туралы айтқан.
Жедел іс-шараларды өткізу барысында елордалық полицейлер "Infiniti" маркалы автокөліктің 37 жастағы жүргізушісін ұстады. Құжаттарды тексеру кезінде оның бұрын жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Құқық бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Машина коммуналдық тұраққа қойылды.
Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралын басқармауды ескертеді.