$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті

AstanaTV
28.07.2024ж. 15:45
248
Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті. 

66 келі салмақта белдесетін Қырғызбаев екінші жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионаты, екі дүркін Олимпиада жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездесті.

Жекпе-жек басталған бетте Ғұсман "ваззари" ұпайын еншілеген болатын. Отандық спортшы сол басымдықты кездесу соңына дейін ұстап тұрды. 

Париж Олимпиадасының ширек финалында Ғұсман Қырғызбаев франциялық Валид Хиярмен белдеседі.