Ақтөбенің
қақ ортасындағы Тәуелсіздік монументінің көшірмесі сот шешімімен алынып
тасталмақ. Бір жылдан бері осы мәселемен әуре болған кәсіпкер Борис Байжарқынов
«біздің пікірімізбен ешкім санаспады» деп отыр. Он жылдай бұрын кәсіпкерлік
нысанның аумағы абаттандырылып, шағын хайуанаттар бағы мен балалардың ойын
алаңы салынған. «Алтын адамның» көшірмесі де қойылған еді. Алайда, жергілікті
билік бұл нысандарды заңсыз деп тапты.
Монументтің
ашылуына елге белгілі қоғам қайраткерлері қатысқанын еске алған кәсіпкер, енді
сол ескерткіштің қалайша заңсыз болғанын, түсінбейді. Қала билігі Байжарқыновқа
оны алып тастауды не басқа жерге көшіруді ұсынған. Кәсіпкер болса, «иелігімдегі
жерге монумент пен қоса балалар алаңы мен шағын зообақты миллиондаған қаржыға
салдым. Не істесем де, қала игілігі үшін істедім», дейді.
Борис
Байжарқынов, кәсіпкер:
Заңсыз
дейді. Неге десем, биіктігі 5 метрден артық дейді. Сол тек олардың претензиясы.
Абаттандыруға мелкий архитектурныйдың бәрі сол абаттандыруға кіреді. Тіркеудің
қажеті жоқ.
Жергілікті билік өткен жылдан бастап «сауда
орталығының айналасындағы аумақтар мақсатты пайдаланылып отырған жоқ» деп,
нысандарды алып тастауды талап еткен. Ал, орнында шағын саябақ бой көтермек.
Ербол
Кенжалы, Ақтөбе қаласының бас сәулетшісі:
Қала
құрылысы кеңесінде қаралып, сол келісілді. Одан әрі концепция бойынша сол жерде
лайықты демалатын бульвар болады.
Байжарқынов
сауда үйі аумағындағы нысандарды абаттандыру ережесіне сай салғанын айтады. Ал,
облыстық сот «аумақ мақсатсыз пайдаланылды, нысандар сүрілу керек деген шешім
шығарған. Кәсіпкердің балалар алаңын ақылы түрде қолданысқа беріп, пайда тауып
келгені тағы бар. Байжарқынов сотқа апелляциялық шағым түсіргенмен, шешім
өзгеріссіз қалды.
Мәлік
Жарқынбеков, Ақтөбе облыстық сотының судьясы:
«Алтын
адам» монументінің биіктігі тұғырымен
қосқанда 5 метрден асып кеткен. Сондай-ақ, ол әкімдік пен қалалық сәулет
бөлімінің рұқсатынсыз салынған. Бұл монумент шағын архитектуралық формаға
жатпайды.
Жақсыбек
Кемал, тілші:
Алайда,
кәсіпкер оңай берілмек емес. Енді Жоғарғы сотқа шағымданамын дейді. Әзірге соттан шешімді орындау үшін 2 ай
мерзім сұрап отыр.
Жақсыбек КЕМАЛ