$478.93 €534.96 ₽5.16
×

АЛЕКСАНДРА ЛЕ ФИНАЛДА 6-ОРЫН АЛДЫ

AstanaTV
29.07.2024ж. 13:11
201
АЛЕКСАНДРА ЛЕ ФИНАЛДА 6-ОРЫН АЛДЫ

Ұлттық құрама спортшысы Александра Ле Париж Олимпиадасында пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеудің финалында 6-орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз шиеленіске толы 165.4 ұпай жинады. Ақтық сында барлығы 8 таңдаулы мерген жүлдеге таласты.

Александра 5 дүркін әлем чемпионы Жанетт Хегг Дуэстадтан (Норвегия) және Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы Рамита Жиндалдан (Үндістан) жоғары орын алды.