$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстандықтар билік тармақтарындағы өкілеттілікті бөлу бастамасын қолдайды

AstanaTV
02.03.2017ж. 20:00
2102
Қазақстандықтар билік тармақтарындағы өкілеттілікті бөлу бастамасын қолдайды

Мемлекеттік билік тармақтарының өкілеттіктерін бөлу туралы бастаманы 73 пайыз қазақстандықтар қолдайды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясында өткен жиында белгілі болды. Ақпанның 12-сі мен 14-і аралығында саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығы ұйымдастырған сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі саяси партиялардың жауапкершілігі мен рөлі артатынына сенім білдіріп отыр. Орталық кеңседен бөлек аймақтық бөлімшелермен видеобайланыс арқылы тілдескен партия өкілдері өзара ұсыныстар мен өзекті тақырыптарды талқылады. Партия мүшелері «Мықты президенттік билік - беделді Парламент - тиімді Үкімет» бастамасын қолдайтындар қатары күн санап артып келетінін айтты.

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:


Кеше Елбасы Конституцияның 26-шы бабын өзгеріссіз қалдыру керектігін айтты. Бұл бірінші кезекте Президентке халықтың пікірі өте маңызды екендігін көрсетті. Ендігі кезекте біз қабылданатын заңнамаларды халық арасында ақпараттандырып, түсіндіру жұмыстарымен айналысуымыз керек.