Темеш руының тойында 100-ге жуық қазақы киіз үй тігіліп, атадан тараған 13 әулеттің ұрпағы Жантеке ауылында ас берді. Айтулы жиынға қалың қауым елдің түкпір-түкпірінен келген.
Ләззат ЕҢСЕБАЕВА, ҚР ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:
50 жыл, 60 жыл көріспегендер көрісіп, қуаныштарын сыйғыза алмай жатқан адамдар бар. Кітап та шығарып жатырмыз. Шежіре де жаңадан шықты. Ол шежіре әлі де жалғасатын түрі бар.
Қазақша күрес, қыз қуу, көкпар мен аламан бәйге секілді ұлттық шаралар тойдың шырайын кіргізді. Түрлі додада үздік болғандар бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа арналған көрме өтті. Базаркелді әулетінен шыққан әйгілі батырдың биыл 100 жылдығы.
Серік ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ "ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ" БӨЛІМІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Бүгінгі іс-шара ол Орта жүз, Арғын, Темеш атамызға арналып отыр. Көрменің аясында Рақымжан ағамыздың өмірбаянына тиесілі сонымен қатар оның әскер борышында өткен, кейін әскерден кейін азаматтық өмірде жасап жатқан жұмысы… Сол кісіге арнап осы 12 қанатты киіз үйде арнайы кішігірім көрме ұйымдастырып отырмыз.