Шамамен бір гектар алқап өртке оранды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққулы ауданының Байымбет орманшылығында 0,9 гектар алқапта төменгі өрт орын алды.
Өрт Павлодар облысының ТЖД және табиғи резерват күштерімен жойылды.
ТЖМ орман алқабында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.