$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Антикор бұрынғы полиция қызметкеріне іздеу жариялады

AstanaTV
29.07.2024ж. 22:31
277
Антикор бұрынғы полиция қызметкеріне іздеу жариялады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы полиция қызметкеріне іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Агенттіктің Ұлытау облыстық департаменті “билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін Бақыт Әділ Есенжолұлына іздеу жариялады. 

Агенттік мәліметінше, іздеу жарияланған азамат 2000 жылы 25 шілдеде Қарағанды облысында туған. Ол Сәтбаев қаласы полиция басқармасында бұрынғы жедел уәкілі. Оған "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

“Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31 Кезекші бөлім, іздестіру тобы, 8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07 ұялы телефоны”, – делінген агенттік хабарламасында. 

Агенттік іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін, сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік берілетінін атап өтті.