$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда Graff ТҮК соттың шешімімен бұзылады

AstanaTV
30.07.2024ж. 09:31
331
Алматыда Graff ТҮК соттың шешімімен бұзылады

Заңсыз салынып жатқан кезекті тұрғын үй кешені Graff ТҮК соттың шешімімен бұзылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Бұл нысан Ерменсай шағынауданы 7, 7 / 71 учаскесінде, яғни үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатсыз салынған.

2023 жылы 20 қаңтарда басқарма тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылдады, ал кейінірек Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз берді.

Былтыр 24 шілдеде аудандық соттың шешімімен басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды. 2023 жылдың 19 қазанында апелляциялық сот бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Нысан осы жылдың 29 шілдесінде Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла басталды.