$493.85 €519.04 ₽4.97
×

Балаларыңызды қорғаңыздар - Димаш Құдайберген ата-аналарға маңызды үндеу жолдады

AstanaTV
30.07.2024ж. 10:18
301
Балаларыңызды қорғаңыздар - Димаш Құдайберген ата-аналарға маңызды үндеу жолдады

Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) елшісі, белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні қарсаңында әнші цифрлық дәуірде қылмыскерлер әлеуметтік желілер арқылы балалармен байланыс орната алатынын атап өтті.

"Мен ата-аналарға, тәрбиешілерге, қамқоршыларға, балаларға жауапты барлық ересектерге жүгінгім келеді. Бала саудасы туралы естігенде, біз қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды немесе көшеде тұратын көше балаларын елестетеміз. Алайда, бүгінгі таңда балалар саудасы басқа да жолдармен дамып келеді. Соның бірі - интернет. Қазіргі уақытта адамдар интернетте көбірек уақыт өткізеді. Осы себептен де қылмыскерлер балаларды әлеуметтік желілер немесе ойын платформалары арқылы тартуға тырысады", – деді Димаш Құдайберген.

Сондай-ақ, ол бұл әрекеттерді тоқтатудың бірден-бір жолын айтты.

"Балаларыңызға цифрлық әлемде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау қаупі туралы ескертіңіз. Балаларыңызбен суретке түсіруден, бейне түсіруден және бейтаныс адамдармен бөлісуден аулақ болу қаншалықты маңызды екенін талқылаңыз. Адам саудагерлері оларды жәбірленушілерді қорқытып, бақылауда ұстау үшін қолдана алады. Ең бастысы, балаларыңызбен сенім орнатыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз", - деп қорытындылады ізгі ниет елшісі.

Бұған дейін ол екі күнде Астанадағы концертіне сатылып кеткен билеттер үшін жанкүйерлеріне алғысын білдірген болатын.