$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Әлеуметтік әмиян» жобасы барлық өңірде іске асырылады

«Әлеуметтік әмиян» жобасы барлық өңірде іске асырылады

Елімізде 1 қыркүйектен бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасы барлық өңірде іске асырылады. Жоба аясында оқушылар тегін және жеңілдікпен тамақтанып, азаматтардың жекелеген санаттары дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Ал 1 тамыздан бастап әлеуметтік осал топтардағы отбасылардың балаларына "Мектепке жол" республикалық акциясы басталады. Шара 30 қыркүйекке дейін жалғасын таппақ. Биыл елордада акция шеңберінде 8 500-ден астам бала қамтылады деп жоспарланған.

Серік АДЫЛБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көп балалы отбасылар, әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен жанұялар, жалғызбасты аналар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу болып табылады. Егер кез келген отбасы жоғарыда айтылған санаттардың біріне жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке барып, растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Ал "Жалпыға бірдей міндетті оқыту" қоры әлеуметтік осал санаттағы 14 500 баланы мектепке қажетті керек-жарақпен қамтамасыз етуді қолға алған. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алу үшін елорда мектептеріне 12 мыңнан астам өтініш келіп түскен.