Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына көкпаршылар қызу дайындалуда. Ұлттық құрама Алматы облысында жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Оған қоса арнайы іріктелген сәйгүліктер де мұқият бапталуда. Қыркүйекте өтетін бәсекеде көкпардан Ұлттық құрамаға Қырғызстан мен Өзбекстан командалары тегеурінді қарсылас болады деп күтіледі.
Әділет МАМЫТ, КӨКПАРДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕСІ:
Көшпенділер ойындарына дайындалып жатқанымызға 2 айдай уақыт боп қалды. Физикалық тұрғыда дайындалған болатынбыз. Одан кейінгі екінші жаттығуымыз Құдай қаласа аттармен өтіп жатыр.