$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматыда зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды

AstanaTV
30.07.2024ж. 20:00
135
Алматыда зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Алматыда зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды. Оқиға Жетісу ауданында тіркелген. Өрт сөндірушілер екі адамның мәйітін тауып, егде жастағы ерлі зайыптылар екені белгілі болды. Денелерінен бірнеше пышақ жарақаты анықталған. Ішкі істер департаментінің мәлімдеуінше қылмыскер қаза тапқан қариялардың қызының танысы болып шыққан. Арнайы тергеу тобы құрылып, 1 тәуліктің ішінде сезіктінің аты-жөні анықталып ұсталған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл қылмасқа біраз дайындалғанына көз жеткізіп отырмыз. Өйткені жәбірленушілердің үйіне өз көлігімен келмей, көлігін бірталай көше бұрын тастап кетіп жаяу келіп, сонан соң сол қылмыстық әрекетін жүзеге асырғаннан кейін жаяу көлігіне жеткен. Бірақ жаңа технологияларды оның ішінде бейнекамералар жүйесін пайдалану арқылы біз осы қылмыстың бетін ізін суытпай жатып ашып, сезіктіні қамауға алдық.