$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жартыжылдықта туризмге салынған инвестиция екі есеге артты

30.07.2024ж. 20:00
342
Жартыжылдықта туризмге салынған инвестиция екі есеге артты

Биылғы жартыжылдықта елдегі туризмге салынған инвестиция өсіп, көлемі 390 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп. Сондай-ақ туризм саласын дамытуға бағытталған 61 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда.

Айсара БИСЕНОВА, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Биыл мемлекеттік қолдау шеңберінде келу туризмі саласындағы шығындарды субсидиялау мақұлданды. Сонымен қатар туристік қызмет нысандарын салу, реконструкциялау кезіндегі, және жол бойындағы сервис нысандарын салу бойынша шығынның бір бөлігі өтеледі.