$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекетке тиесілі жылжымайтын мүлікті тіркеуден заңсыз шығарған

30.07.2024ж. 20:00
542
Мемлекетке тиесілі жылжымайтын мүлікті тіркеуден заңсыз шығарған

Тараз қаласы әкімдігінің бірнеше қызметкері тергеуге алынды. Ұйымдастан топ әкімдіктің балансындағы мүлікті заңсыз жекешелендіріп алған. Шығын көлемі 100 млн теңгеден асады. Шенеуніктердің құйтырқы бұл әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігі мен Жамбыл облысының прокуратурасы әшкереледі. Қала әкімдігінің қаржы бөлімі қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарларды есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасаған. Сонымен қатар соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған азаматтардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залал сомасы 100 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар, тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.