$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда әйел адамды көшеде пышақтап кетті

AstanaTV
30.07.2024ж. 17:33
269
Павлодарда әйел адамды көшеде пышақтап кетті

Зардап шеккен адамды көшеде пышақтап кеткені туралы ақпарат пен оқиға орнынан түсірілген фото әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту сағат 19:53-те түскен.

1988 жылы туған әйел адам мойын жарақатымен Ғалым Сұлтанов атындағы клиникалық ауруханаға жеткізілді.

"Кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында әйел адамда кеуде қуысының пышақ жарақаты, күретамырдың зақымдануы анықталғанын хабарлады. Операция жасалғаннан кейін хирургия бөліміне ауыстырылған.