Қарағанды облысында 6 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ТЖМ мәліметінше, Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Көпқабатты үйлердің терезелерінен балалар құлайтын оқиға жиілеуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ата-аналарға ескерту жасады:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
Баланың өздігінен ашылуына жол бермеу үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!