$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Мәулен Әшімбаев Иранның жаңа президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

31.07.2024ж. 20:00
345
Мәулен Әшімбаев Иранның жаңа президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иранның жаңа президенті Масут Пезешкианды ұлықтау рәсіміне қатысты. Сонымен қатар Парламент Сенатының төрағасы Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасымен және Ислам мәдениеті және байланыстары ұйымының басшысымен кездесті. Онда қос тарап екі ел арасындағы қарым-қатынас пен парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Иран – Қазақстан үшін ең маңызды мемлекеттердің бірі. Біз енді бір жағынан көршіміз. Жалпы енді біз өзіңізбен екі апта бұрын Санкт-Петербургте кездестік. Сол кезде енді парламентаралық қарым-қатынастарды, жалпы екі мемлекеттің ынтымақтастығын дамыту мәселелерін жан-жақты талқыладық