$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Дауға толы тұрғын үй мәселесімен “AMANAT” партиясы айналысуда

31.07.2024ж. 20:00
475
Дауға толы тұрғын үй мәселесімен “AMANAT” партиясы айналысуда

Бас қаладағы қолданысқа берілгеніне көп болмаған баспанада шикілік көп. Family park кешенінде ғимаратты заңсыз салу және сату фактілері анықталған. Сондай-ақ тұрғындар үйдегі құрылыс жұмыстары толық аяқталмағанына наразы. Шағымдарын арқалаған пәтер иелері "AMANAT" партиясынан көмек күтеді. Өз кезегінде партия өкілдері мәселені реттеуге жәрдемдесуде.

Жұмағали ӨТЕМБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен өзім 20-сыншы жылы алдым ол үйді. Сол кезде уже проблемный дом екен да, біз білмедік ше, бізге сатқан кезде оның проблемасын атйпайды ғой. Лифт бітпей тұр, төбеден су ағып жатыр, астында паркинг бітпей тұр, подъезде чистовой отделка бітпей тұр.

Санира ЖҮСІПОВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қатаң бақылауда жеке біздің бақылауымызда. Жоспардың 21 пунктін қойған болатын, сол пункттердің бір 10-ы шешілді деп айтуға болады. Сонымен қатар жылу маусымы келе жатыр, газ мәселесі бар. Ол мәселелерді шешу және де заңды түрде құжаттарды тіркеуге біз көмектесетін боламыз.