Астанада әскери дайындықтан өту үшін запастағы 50 офицер сапқа тұрды. Енді олар бір ай бойы әскери мамандықтың 11 түрі бойынша білімдері мен дағдыларын еске түсіріп, шеберліктерін шыңдайды. Басты мақсат – бейбіт уақытта қысқартылған құрамда ұсталатын әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, сондай-ақ жұмылдыру кезінде Қарулы Күштерді орналастыру үшін қажетті әскери-оқытылған ресурстарды дайындау. Айта кетейік, оқу-жаттығу жиындары біткеннен соң емтихандар мен сынақтармен алынады. Сәтті тапсырғандарға әскери шен беріледі.
Қайрат ТҮЗЕЛБАЕВ, ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫ:
Әр қайсысының әскери мамандығы бар. Сол әскери мамандық бойынша 11 топ айтылғандай әр топта 5-6 адамнан. Жиынтық біткен соң иә олар жоспар бойынша экзамен тапсырады.
Ернұр АЛИЕВ, ЗАПАСТАҒЫ САРБАЗ:
Осы жылы бірінші рет өтіп жатырмын сондықтан барлық мақсаттарым, талпыныстарым алда.