Алматы облысында "Қонаев-Алматы" тас жолында жол апаты болып, екі адам көз жұмды. BMW маркалы көлікті тізгіндеген 20 жастағы жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні басып кеткен. Ізін ала ол Mercedes-Benz маркалы машинасына соқтығысқан. Ал қатты соққыға төтеп бере алмай қалған жүргізуші екінші адамды қағып кетеді. Зардап шеккендер оқиға орнында қайтыс болды. Ал, BMW автокөлігінің иесі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.