$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Түркістан облысында лицей-интернаттың жатақханасынан өрт шықты

AstanaTV
31.07.2024ж. 15:39
Түркістан облысында лицей-интернаттың жатақханасынан өрт шықты

Түркістан облысында лицей-интернаттың жатақханасы өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Отырар ауданындағы лицей-интернаттардың бірінде жатақхананың шатыры өртенген. Өрт аумағы - 561 шаршы метр.

Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оқиға кезінде жатақханада бір ғана күзетші болған. Құтқарушылардың айтуынша, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.